Еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жобаларының бірі - "Адалдық алаңы" жобасы аясында мектебімізде "Адалдық дүкені" ашылып жұмыс жасауда. Бұл жобаның басты мақсаты - қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін шыншыл, әділ, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру, оқушыларымызды адалдыққа және өз бетімен әділ түрде төлем төлей білуіне бағыттау.











